қазақша · русский · english
 
 
 
22.05.2015

Ашық есік күні


2015 жылдың 14 мамырында Жаратылыстану және география институты, Елтану және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін АШЫҚ ЕСІК күні болып өтті. Іс-шараға Алматы қаласының 8 мектебінен: Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназиясы, М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясы, №34 мектеп, №13 мектеп-гимназиясы, №81 мектеп-гимназиясы, № 58 мектеп-гимназиясы, №33 мектеп-гимназиясынан барлығы 85 оқушы қатысты. Сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың география және туризм мамандықатарының қала әкімшілігі мен ұйымдарында жауапты қызмет ететін, туристік агенттіктер басқарып отырған түлектерімен кездесу ұйымдастырылды. Студенттердің туристік жорықтары, практикалар мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы Еуропада болған сәттерінен түсірілген «Студенттік өмір» деп аталатын бейнероликтер көрсетілді, ҰБТ-ға дайындық ретінде мастер-класс өткізілді. Оқушыларды сергіту мақсатында «Лотерея» ұтыс ойындары ойнатылып сыйлықтар таратылды.
Біздің алдымызда тұрған басты мақсат егеменді еліміздің әлеуметтік, экономикалық өркендеуіне өз үлесін қосатын география саласында терең білім алған кәсіптік біліктілдігі жоғары, жан-жақты білімді мамандарды дайындау. Биылғы бітіруші түлектерді ҰБТ-да сәтті өтулеріне тілек білдіре отырып, Университетіміздің студенті болуға шақырамыз!




Кері оралу