қазақша · русский · english
 
 
 
24.03.2022

Жаратылыстану және география институтының «7M01513-Биология» мамандығының магистранттары халықаралық конференцияға қатысты


2022 жылдың 17-18 наурызы күндері Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының «7M01513- Биология» мамандығының магистранттары Цукуба университеті (Жапония) ұйымдастырған «Developing Collaborative Researchin Education: from Global and Interdisciplinary Perspectives» халықаралық студенттік онлайн-конференциясына қатысты. Конференцияда білім алушылар өздерінің ғылыми қызығушылықтары мен өз елдеріндегі білім беру жағдайларына байланысты зерттеу жүргізгісі келетін халықаралық бірлескен зерттеулер бойынша өз жобаларын таныстырды. Конференцияға жеті мемлекеттің студенттері қатысты: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан), Цукуба университеті (Жапония), Хон Каен университеті (Таиланд), Корей ұлттық білім беру университеті (Оңтүстік Корея), Солтүстік-Шығыс педагогикалық университеті (Қытай), Мәскеу қалалық университеті (Ресей), Краков педагогикалық университеті (Польша).

 

Абай атындағы ҚазҰПУ магистранттары «Eco-friendly campus» тақырыбындағы жобаны таныстырды. Жобаның мақсаты - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жасыл экономика саясатын жүзеге асыру. Оның мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ-да Жасыл саясатты жүзеге асыру, атап айтқанда, балаларды оқытып қана қоймай, оларды қоғамның өркендеуі мен тұрақты дамуы үшін тәрбиелейтін мұғалімдерді даярлау. Аталған жоба өзектілігі, жоба арқылы болашақ мұғалімдер оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндігі артар еді және бұл Қазақстанның жаңа даму жолын қалайды.

 

Халықаралық конференцияға қатысушылар өз кезегінде магистранттар Серікова Рамина, Саруарова Меруерт, Тасыбек Меруерттің зерттеу нәтижелерін жоғары бағалады және оң пікірлер білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу