қазақша · русский · english
 
 
 
21.04.2022

Кәсіби бағдар - болашақтың негізі

 

2022 жылы 19 сәуірде Жаратылыстану және география институтының «Маркетинг» бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын іске асыру мақсатында «Кәсіби бағдар болашақтың негізі» бағытында Алматы қаласы Алатау ауданы №181 жалпы орта мектепте түлектермен кездесу өтті.

 

«Маркетинг» бөлімінің жауапты тұлғасы Альбина Бейкитова, «Биология» білім беру бағдарламасы бөлімінің студенттердің педагогикалық практика жетекшісі Абдикаримова Гаухар, «Биология» пәнінің мұғалімі Сайлауова Азиза, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, бітіруші түлектер қатысты. Кәсіптік бағдар беру - әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, қажетті атқарылатын жұмыс. Жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Кездесуде Абай университеті туралы видеоролик көрсетілді. Іргелі оқу орнының білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып, сұранысқа ие мамандықтар жайлы толыққанды мағлұматтар берілді. Іс-шара аясында оқушылар мамандықтар жайында ақыл-кеңестер, қажетті ақпараттар алды.

 

   

 

   




Кері оралу