қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2021

«Шындық жоқ жерде сұмдық көп» ашық тәрбие сағаты

 

2021 жылдың 25 қарашаcында Жаратылыстану және география институтының 2021/2022 оқу жылының кешенді жоспарына сәйкес, «6B01513-Биология» мамандығының 1 курс 1 топ студенттері мен топ тәлімгері: Асия Майматаеваның ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Шындық жоқ жерде сұмдық көп» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына «Биология» білім беру бөлімінің профессор-оқытушылар құрамы мен 1-4 курс студенттері белсене қатысты.

 

«Шындық жоқ жерде сұмдық көп» атты ашық тәрбие сағатының мақсаты:

1. Студенттер көзқарастарын ашық білдіре отырып, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту;

2. Еліне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру;

3. Адами құндылықтарды бойына дарыта білу, өз дағдылары мен машықтарын дұрыс пайдалана білуді дәріптеу.

 

Аталған шараны институттың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов қорытындылап,  шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

Ұйымдастырылған шара жастардың ойына терең ой салды. Адами құндылықтарды дәріптеп, осындай ашық тәрбие сағаттарын ұйымдастыру арқылы студенттер бойына жақсы дағды қалыптасты деген ойдамыз. Ұлт болашағы жастардың қолында, сондықтан болашаққа біріге отырып, адал жолмен қадам басайық!

 

   

 

   




Кері оралу