қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2021

Жаратылыстану және география институтының озық түлектері

 

2021 жылдың 24 қарашасында Жаратылыстану және география институтында Мансапты дамыту бөлімі «Жаратылыстану және география институтының озық түлектері» тақырыбында офлайн-онлайн кездесу өтті. Шара институттың жылдық «Рухани жаңғыру» жоспарына сәкес ұйымдастырылды. 

 

Іс - шараға: әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов, Абай атындағы ҚазҰПУ Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Болатбек Нұрбатыров,  институт директоры Күләш Каймулдинова, институттың мансап дамыту бөлімінің қызметкерлері, шақырылған қонақтар-түлектер, профессорлық-педагогикалық құрам, студенттер қатысты.

 

Институт директоры Күләш Каймулдинова кіріспе сөз сөйледі. Ол қонақтарға іс-шараға қатысқаны үшін алғыс айтып, оның маңыздылығын атап өтті. Сөз сөйлеген түлектер өздерінің студенттік өмір тарихын айтып, ұстаздарын алғыс сөздерімен еске алды. Барлық түлектер біздің жоғары оқу орнымызды бітіргендерін мақтан тұтты.

 

Аға буын түлектері институт түлектерінің келесі буынына жұмыста табыс, студенттерге жақсы оқу тіледі, біздің жоғары оқу орнымызды бітіргендерін мақтан тұтты.

 

Кездесу жоғары деңгейде өтті, барлығы бір-бірін осындай форматта көруге қуанышты болды және осындай іс-шараларды көп өткізуге тілек білдірді.

 

   




Кері оралу