қазақша · русский · english
 
 
 
15.10.2020

Түлектерге арналған Қалалық онлайн форум

 

2020 жылдың 14 қазанда Жаратылыстану және география институтының Мансапты дамыту мен Маркетинг бөлімдері кәсіби бағдарға арналған қалалық онлайн форум өткізді. Іс-шара Google Meet платформасында өтті. Қалалық онлайн форум Жаратылыстану және география институтының оқытушылары мен Алатау ауданы 181-жалпы орта мектебінің География апталығын ұйымдастырушыларымен «Мамандықты дұрыс таңдау табысты өмірдің кілті» тақырыбы аясында ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға №181 мектеп директоры Сатаева Жеңіскүл, география пәні мұғалімдері Бекбаланова Нұргул, Боденбаева Камшат және Алматы қаласының №98, №172, №140 мектептерінің оқушылары қатысты.

 

Қалалық онлайн форумда спикерлер Каймулдинова К.Д., Бірталаев Е., Бейкитова А.Н., Сагимбаева А., Жаксибаева Ж.М., Абдикаримова Г.А. институттың қалыптасу тарихы мен қазіргі жағдайы, білім беру бағдарламалары, оқуға түсуге қажетті құжаттар және шығармашылық емтихан, әлеуметтік жеңілдіктер туралы айтып өтті. Форум барысында түлектер кәсіби бағдар бойынша сұрақтарына жауап алды.

 

   




Кері оралу