қазақша · русский · english
 
 
 
16.06.2021

Оқу-дала практикасының қорытындысы конференциясы

 

2021 жылдың 14 маусымында университетіміздің Жаратылыстану және география институтының «География, қоршаған орта және қызмет көрсету» білім беру бағдарламалары бөлімі мамандықтарының жалпы оқу - дала практикасының қорытынды конференция болып өтті. Жалпы мамандықтар студенттерімен және оқу-дала практикасының жетекшілері: Абдикаримова Г.А., Алиаскаров Д.Т. Алдашева А.А., Сабденалиева Г.М, Омаров Қ. М., Саванчиева А. Сейлхан А., Увалиев Т.О., Абулгазиев А., Бахыт М., Куспанова А.К., Иркитбаев С.Н., Алиев М.Д., Кудебаев Р. кафедра оқытушылары қатысты. Қорытынды конференция барысында алдымен студенттер оқу-дала практикасының қысқаша есеп-видеоларын («Zoom») көрсетіп қорғады.

 

Сонымен қатар студенттер оқу - дала практикасын онлайн форматта өту ерекшеліктеріне тоқтады, кездескен қиындықтарды да атап өтіп, осындай практикадан өтуге мүмкіндік берген және өз ақыл - кеңестерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, бағыт - бағдар берген оқытушылар қауымына үлкен алғыстарын білдірді. Онлайн-практика студенттердің жергілікті жерде өтуіне орай жалпы Қазақстан аймақтарын қамтыды. Кездесу соңында практика жетекшілері мен кафедра оқытушылары қорытынды сөздерін айтып, студенттердің жұмыстарына оң бағасын беріп, жылы лебіздерін білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу