қазақша · русский · english
 
 
 
18.10.2021

Қазан айы - қарттар айлығы

 

2021 жылдың 16 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Жаратылыстану және география институтының жылдық тәрбие жоспарына сәйкес «6В05301-Химия» мамандығы 2 курс 1-топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Қазан айы - қарттар айлығы» шаралары аясында1 қазан қарттар күніне арналған «ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ» ашық тәрбие сағаты өтті. Топ жетекшісі оқытушы Маржан Ахтаева. Топ студенттері карантиндік кезеңнен соң, университет қабырғасында алғаш болғандықтан, арнайы «Химия» білім беру бағдарламалар тобының ардагер ұстаздарын мерекелерімен құттықтап, үлкенге құрмет көрсетіп, біліммен өмір жолында ақ баталарын алу мақсатындағы шараның тәрбиелік берері мол болды. Барлық топ студентері ұйымшылдықпен өздерінің бойындағы өнерлерін ортаға салды, тақырыпты ашуға арналған қойылым, әсем ән мен күмбірлеген күй, жүрек тербетер ақындар мен топ студенттерінің өз шығармашылығынан «Ардагерлерге арнау», ұлттық және заманауи топтық билер кешті әрлендіре түсті.

 

Шараға Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдинова, институттың тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов, «Химия» білім беру бағдарламалар тобының жетекшісі Жазира Мұкатаева және ардагер ұстаздарымыз бен студенттер арнайы қатысып, жүрек жарды ыстық ықыластарын білдірді. Сондай-ақ ZOOM платформасында онлайн көрсетілім жүргізіліп, институттың 1 курс студенттері мен профессор-оқытушылық құрам тікелей эфирде тамашалады.

 

Сонымен қатар институт директоры Куляш Каймулдинова мерекелік шараның соңында ұйымдастырушыларды арнайы Алғыс хатымен марапаттады.

 

Студенттер алғашқы шарасын өте қобалжумен, үлкен жауапкершілікпен атқарып, үлкендердің ризашылығына бөленді.

 

   

 

   




Кері оралу