қазақша · русский · english
 
 
 
21.11.2017

 

2017  жылдың  20 қарашасы  күні  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Педагогикалық университетінің  Жаратылыстану  және  география  институтының  622 дәрісханасында  студенттік  өзін - өзі басқару  кеңесінің  ұйымдастыруымен  "Students day"  атты  мерекелік  шара  өтті. Шара  шымылдығын  институт  директоры , география ғылымдарының  докторы,  профессор  Каимулдинова  Күләш  Дүйсенбайқызы  ашып, тілегі  мен  лебізін  білдірді. Мерекелік  шараға талантты, өнерлі  1 курс  студенттері атсалысты. Мерекелік  кеш   барысында  мың  бұралған  би, әуезді  ән мен  көтеріңкі көңіл-күй  сыйлайтын  әзіл -қалжынға  толы  көріністе  көрсетіліп, бірнеше  ойын түрлері  ойнатылды. Мерекелік  кеш соңында  қорытынды сөзді институт  директорының  тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы  алып, пікірін  білдіріп, түйіндеді.

 

 

 

  

 




Кері оралу