қазақша · русский · english
 
 
 
26.04.2021

Covid-19 пандемиясы кезіндегі туризмді дамыту мәселелері талқыланды

 

2021 жылғы 22 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Пост Covid-19 жағдайындағы туристік ахуал мәселелер және шешімдер» тақырыбындағы республикалық веб-конференция өткізілді. Вебинарға 60 адам қатысты және 5 спикер болды. Республикалық конференцияны ұйымдастырған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректоры м.а Сахиев Саябек, Жаратылыстану және география институтының директоры Каймулдинова Күләш, «География, қоршаған орта және қызмет көрсету» білім беру бағдарламалары тобының жетекшісі Алиасқаров Думан, аға оқытушысы Алдашева Ардақ және оқытушысы Суранчиева Ел-Дана.

 

Zoom платформасында online режимде ұйымдастырылған іс-шара барысында пандемия кезіндегі туризм саласындағы жағдай, туризмдегі туристік ұйымдардың Covid 19 жағдайы кезіндегі ерекшеліктері, Covid 19-ға дейінгі және кейінгі экскурсиялық қызмет түрлері тақырыбтары қозғалды.

 

   

 

   




Кері оралу