қазақша · русский · english
 
 
 
18.02.2022

Абай университетінің жас ғалымдары мұнымен тоқтап қалмайды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдары ғылымды қолдау, дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Соның бір дәлелі - Жаратылыстану және география институтының «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» білім беру бағдарламалары бөлімінің PhD докторы Айнұр Сейілханның жетістігі.

 

Ол 2021 жылы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімінің қорытындысы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, бағдарлама негізінде дәл қазіргі күнде Джордж Вашингтон университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өту үстінде. Бұдан бүрын Айнур 2019 жылы «Үздік жас мұғалім», 2020 жылы «Білім беру ісінің үздігі» атағын алып, біршама жетістіктерге жеткен болатын. Ол 50 ғылыми жұмыс жариялады. Оның ішінде ҚР БҒМ ККСОН журналдарында 10 мақала, импакт-факторлы журналдарда 10 мақала, Түркия, Беларусь және ҚР конференцияларында жарыққа шыққан мақалалар. Скопус базасындағы индекс-хиршасы 4 құрайды.

 

«Дарын» республикалық орталығының ғылыми жобаларды іріктеу комиссиясының мүшесі, «Қазақстан», «Хабар», «Алматы» телевизиялық жобаларының тәуелсіз экологиялық сарапшысы.

 

Университет басқа оқытушылар мен барлық білім алушылар үшін үлгі болып табылатын өзінің жас ғалымдарымен мақтанады.

 

   




Кері оралу