қазақша · русский · english
 
 
 
01.07.2021

Абай атындағы ҚазПИ-ді 1981 жылы бітірген жаратылыстану-география факультеті түлектерінің кездесуі

 

2021 жылғы 30 маусымда Жаратылыстану және география институтында мансапты дамыту бөлімімен 1981 жылы Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген жаратылыстану-география факультетінің түлектерінің Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кездесу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара онлайн форматта өтті. Оған институт оқытушылары, мансапты дамыту бөлімінің мүшелері, 1981 жылғы түлектер, өмірден өткен оқытушылардың балалары, 2021 жылы оқу бітірген студенттер мен магистранттар қатысты.

 

Іс-шараны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлектер қауымдастығы орталығы директорының міндетін атқарушы Болатбек Нұрбатыров ашты.

 

Одан әрі институт директоры Күләш Каймулдинова кіріспе сөз сөйледі. Іс-шараға қатысқан 1981 жылғы түлектер факультеттегі студенттік өмір туралы естеліктерімен бөлісті, оқытушыларды еске алды және өмірде жүзеге асырған білімімізді берген университетімізге үлкен алғыс білдірді.

 

Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Кездесу еліміздің алғашқы педагогикалық университетінің түлектері өздерінің жоғары оқу орындарын еске алып, онда оқығандарын мақтан тұтатынын көрсетті.

 

   

 

   




Кері оралу