қазақша · русский · english
 
 
 
31.05.2022

Диссертацияның алдын ала қорғауы

 

2022 жылдың 31 мамырында Жаратылыстану-география институтының «Биология» ББ-ның кеңейтілген отырысында Нұрғалиева Айман мен Амантаева Арайлымның диссертацияларының алдын ала талқылауы өтті.

 

А.Қ.Нұрғалиеваның «6D011300-Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Жоғары педагогикалық оқу орындарында жаңғырту жағдайында биолог студенттерді практикаға бағыттап оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында диссертациясын алдын ала қорғады. А.Қ.Амантаева «6D011300-Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Болашақ биолог мұғалімдердің экологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік негіздері (жобалау технологиясы мысалында)» тақырыбында диссертация дайындады.


Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу