қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ «J.A.D.U.A» театрландырылған байқауы

 

2021 жылдың 3 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының ұйымдастыруымен, «J.A.D.U.A» атты әлеуметтік мәселелерге арналған институттар арасындағы театрландырылған «Жанайқай» байқауы өтті.

 

Аталған іс-шара бойынша Жаратылыстану және география институтының атынан «Өлі тұзақ» атты 7 студенттен құралған команда қатысты. Команда құрамында 3 курс студенттері Нұртілеу Мизамбайев және Рауан Абдрахманов, 1 курс студенттері Жангулим Тынысова, Нилуфар Абдиманиева, Бағым Рахимкиреева, Айдана Молдағапас, Сымбат Турсынбекова болды. Командамен бірге студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі Альбина Сұлтанбекова толық дайындық жүргізіп, жетекшілік етті. Шара нәтижесі бойынша «Өлі тұзақ» командасы жүлделі 2-ші орынды иеленіп, марапаттау мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

Жарайсыздар! Біз сіздермен мақтанамыз! Биіктерден көріне беріңіздер!

 

   




Кері оралу