қазақша · русский · english
 
 
 
19.04.2022

«Greenways» республикалық конкурсы


2022 жылдың 15 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институтында Қазақстандағы экотуризмді дамыту және салалық жұмыстардың сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында «Greenways» республикалық конкурс өтті.


Конкурс бағыты ҚР экотуризмін дамытудағы мүмкіндіктерінен бастап, Дүниежүзілік мұраларды сақтау, ары қарай жастардың қызығушылығын ашу арқылы эко мәдениет қалыптастыратын бизнес жоспарларға дейін қызу талқыланды. Жіті дайындалған командалар тақырып өзектілігін зерттей келе өз тараптарынан экотуризм мәселелерінің шешу жолдарын ұсынды. Балқаш көліне арналған 8 күндік караванинг туры, Бозжыра басына экологиялық зиян келмейтін қонақ үй салу, Шығыс Қазақстанның әлеуетін әлемге паш ететін туристік дистинациялар және табиғатты жақсы көретін эко сана қалыптастыру бойынша идеяларын ортаға салды.


Қазылар алқасының мүшелері конкурсқа қатысушыларға «Оқушылар мен студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру» жобасы бойынша белсенді жұмысы үшін алғыс білдірді.Тақырыптың маңыздылығын атап өтіп, олар жеңімпаздарды түрлі дәрежелі дипломдармен марапаттады. «Greenways» республикалық конкурсын ұйымдастырып, сәтті өтуіне «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» ББ оқытушылары Алиаскаров Д.Т., Муздыбаева К.К., Омаров К.М., Алдашева А.А., Саванчиева А.С., Бекен А.Н., Серік М.А., Кудебаев Р.Б. атсалысты.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу