қазақша · русский · english
 
 
 
19.10.2021

2 курс магистранттарына арналған педагогикалық практика бойынша онлайн таныстыру конференциясы

 

2021 жылдың 18 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының «7М01510-Химия», «7М01513-Биология», «7М01515-География», «7M05101-Биология» мамандықтарының 2 курс магистранттары үшін педагогикалық практикаға арналған онлайн таныстыру конференциясы өткізілді. Іс-шара Zoom платформасында өтті.

 

Конференцияға 2 курс магистранттары, магистранттардың ғылыми жетекшілері, Білім беру бөлімдері жетекшілері, институттың Мансапты дамыту бөлімі мүшелері қатысты.

 

Конференцияда спикер Гүлжанат Камиева магистранттарға портфолио құрылымы мен педагогикалық практикадан өту туралы түсіндірме ақпараттар ұсынды. Талқылау барысында магистранттар мен практика жетекшілері институттың Мансапты дамыту бөлімінің өкілдерінен өз сұрақтарына жауаптарын алды.

 

   

 

   




Кері оралу