қазақша · русский · english
 
 
 
30.11.2021

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» ашық тәрбие сағаты

 

2021 жылдың 26 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының «6В01513-Биология» мамандығының 6 топ студенттерінің ұйымдастыруымен, «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шара топтың тәрбие жетекшісі аға оқытушы Шолпан Шыныбекованың жетекшілігімен өтті.

 

Шараның құттықтау сөзін институттың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов сөйлеп, студенттерге жылы лебізін білдірді. Тәрбие сағатын жоғары деңгейде жүргізген топ студенттері Дильназ Рахымбердиева және Ажар Сейтбек болды. Сонымен қатар, басқа да топ студенттері жан-жақты өз өнерлерін көрсетіп, әсем әндерін шырқап, көркем арнауларын оқыды. Тәрбие сағатында Тәуелсіздік жайында видео-роликтер көрсетіліп, студенттер өз пікірімен бөлісті. Тәуелсіздікке арналған тәрбие сағаты өте жоғары дәрежеде өтіп, барлық студенттер Тәуелсіздіктің үлкен маңызын түсінді.

 

   

 

   




Кері оралу