қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2020

Н.Назарбаев - елін сүйген Елбасы


2020 жылдың 30 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтының «6В11101-Туризм» мамандығының 2-ші курс 2 топ студенттері мен эдвайзер Бекен Ақботаның ұйымдастыруымен ZOOM платформасында қашықтан «Елін сүйген Елбасы» ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға институттың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов, оқытушылар және студенттер қатысты.

 

Мерекелік іс-шарада Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы - еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жеке өмірі мен саяси жолы жайлы біраз мәліметтер айтылды.

 

   




Кері оралу