қазақша · русский · english
 
 
 
11.11.2021

Жаратылыстану және география институтының студенттері М.Әуезов атындағы театрда қойылым тамашалап қайтты

 

2021 жылдың 10 қараша күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институтының студенттері, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының және «Үкілім-ай» қыздар клубының ұйымдастыруымен, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына барып қайтты.

 

Театрда Б. Брехтің «Есірген шешей және оның балалары» пьесасының желісі бойынша қойылған «Пері қатын» қойылымын тамашалады. Спектакльдегі оқиға дәуірмен шектелмеген шартты бір әлемде өтеді. Ол жерді көзге көрінбейтін, мылтықсыз майдан құрсауына алған жағдай адамдарды күреске итермелейді. Тамашалаған әрбір көрермен спектакльден ерекше әсер алып қайтты деген ойдамыз.

 

   

 




Кері оралу