қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2022

Мастер-класс: «Түйіндемеден жұмысқа орналасуға дейін» 

 

2022 жылдың 11 сәуірінде «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» ББ оқытушысы Ел-Дана Суранчиеваның ұйымдастыруымен студенттерге Rixos Almaty-да жұмыс жасайтын HR-менеджер Амина Омармен бірлесе отырып «Түйіндемеден жұмысқа орналасуға дейін» атты мастер-класс өткізілді.

 

Амина Омар өз тәжірибесімен бөлісіп, түйіндемені қалай жақсы құрастыру керектігін айтты, мұқабалық хат не екенін және оны қалай жазу керектігін түсіндірді. Студенттер soft skills және жұмыс психологиясы туралы жаңа мәлімет алып, жаңа жұмысқа сұхбаттан қалай өту керектігін және қалай алғашқы әсер қалдыру керектігін білді.

 

 

 

   




Кері оралу