қазақша · русский · english
 
 
 
15.01.2021

Көктемгі семестрді ұйымдастыру іс-шаралары

 

2021 жылдың 13-14 қаңтар күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының «6В05301-Химия» мамандығында оқитын 1-4 курс студенттерімен «Көктемгі семестрді ұйымдастыру іс-шаралары» ақпараттық түсіндіру жұмысы ретінде тәлімгерлік сағаты өткізілді. Жиналыс ZOOM платформасы арқылы өтті.

 

Жиналыс барысында қазіргі пандемия жағдайында онлайн/офлайн оқу форматтарының артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы талқыланды, сабақ үрдісінің қалай жүргізілуі қажет екені жайлы айтылды. Топ эдвайзерлері офлайн форматта университет қабырғасында оқу барысында, эпидемиялогиялық сақтық шараларымен таныстырып өтті. Екінші семестрдің оқу үрдісін ұйымдастыру, оның ішінде ғылыми бағытта оқитын топтың студенттерімен химиядан зертханалық сабақтардың өткізілуі жайында әңгіме-сұқбат жүргізілді. Елімізде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай түзелген жағдайда ақпан айында ғылыми бағытта оқитын студенттер университетте химиядан зертханалық сабақты өтуі жайында мағлұматтар берілді. Студенттердің барлығы толық қатысып, көптеген сұрақтарына жауаптар алды. Сондай-ақ кейбір студенттердің ата-аналары мен туыстары да қатысып өз ойларын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу