қазақша · русский · english
 
 
 
25.03.2016
2016 жылдың 13-19 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-ң п.ғ.д., профессор, превентивті суицидология және ҚР-ы ЖОО-ы үшін инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры З.А. Мовкебаева академиялық ұтқырлық аймағында және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, ф.ғ.д., профессор Н.Р. Аршабековтың шақыруымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Инклюзивті білім беру» оқыту пәні бойынша дәрістер курсын оқыды.

10.12.2015
5-6 желтоқсан 2015 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ -дың Превентивті суицидология және ЖОО инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталығының директоры, профессор З.А. Мовкебаева Ташкент қаласында болып өткен «Қоғамда мүмкіндігі шектеулі балалар интеграциясы және әлеуметтік қорғау» атты Халықаралық Форумға қатысып, «ҚР-ның жоғары оқу орындарында студент-инвалидтерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында баяндама жасады.

10.12.2015
2015 жылдың қазан және қараша айларында Қызылорда облысының Сырдария, Жалаңаш, Қармақшы, Шиелі және Жанақорған аудандарына және Алматы облысының Кербулақ, Панфилов, Ұйғыр және Райымбек аудандарына үгіт насихат форумын орындау мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-ның әр институтарынан құрылған оқытушылар мен техникалық қызметкерлерінен тоб ішінде Педагогика және психология институтының аға оқытушысы Жанкушков Бауыржан Оразайұлы іс-сапарға барып келді.