қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2021

«2021/2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын тапсыру» вебинары


2021 жылдың 2 желтоқсанында Педагогика және психология институты «Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бөлімінің» ұйымдастыруымен «2021/2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын тапсыру» тақырыбында күндізгі бөлім студенттерімен (3-4 курс), магистратура (1-2 курс), қашықтықтан оқыту нысанының білімалушылары (1-2 курс) арасында вебинар өтті.

 

Кездесуде қысқы емтихан сессия емтихандарын тапсыру туралы айтылды және емтихан түрлеріне жеке жеке тоқталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Вебинар спикерлері Асанханова Жанна мен Алимкул Айжан  мазмұнды презентацияларын таныстырды.

 

Кездесу барысында білімалушылар өздерін қызықтырған қысқы емтихандардың өту барысы жайлы туындаған сұрақтарын қойып, оларға «Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бөлімінің» жетекшісі Ақжолова Ақтоты тиісті жауаптарын берді.

 

   

 

   




Кері оралу