қазақша · русский · english
 
 
 
 Қыяқбаева Улбосын Қозыбаевна
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Төле би көшесі, 31
 8-701-362-68-68
kyakbaeva@mail.ru

 

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы

 

ББ шифры - атауы: 6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01801 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»

 

Оқуға түсудегі кәсіби пәндер: Биология және география

 

Оқу мерзімі: Күндізгі форма: 4 жыл, 3 жыл, 2 жыл

 

Берілетін дәреже:  6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры; «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

 

Аккредитациядан өту (өту жылы, өту кезеңі): Өту мерзімі - 28.03.2017 - 30.09.2022.

 

Кәсіби қызмет саласы:

- мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі;

- мектепке дейінгі ұйым әдіскері;

әлеуметтік педагог.

 

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің бүкіл қызметі жоғары азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікке ие, кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті және білікті:

6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының бакалаврын;
7M01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының магистрін;
8D010201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының философия ғылымдарының  докторын (PhD) даярлауға бағытталған.

6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығын дайындау (бакалавриат) бағыты бойынша 4 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады:

7M01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының магистрін даярлау (магистратура) бағыты бойынша 2 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады:

7M01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының

(ғылыми-педагогикалық) -2 жыл..
8D010201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының философия ғылымдарының  докторын (PhD) даярлауға бағытталған педагогтерді даярлау бағыты бойынша 8D01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасы жоғары кәсіби және зерттеу дағдыларын меңгерген мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу саласындағы болашақ PhD докторларды ғылыми-педагогикалық қызметке даярлауды жүзеге асырады.

6В01801 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын дайындау (бакалавриат) бағыты бойынша 4 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады.

 

Қазіргі таңда «6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасын бітіруші кафедрасында  19 оқытушысы қызмет көрсетеді, оның ішінде:

- 3 ғылым докторы, профессорлар,- 4 педагогика ғылымдарының кандидаты, -7 PhD докторлары),- 5 магистр, штаттық оқытушылар - 17, 1 қосымша дәрежелілігі-59%. аға оқытушылар қызмет атқарады.

 

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің профессор-оқытушылар құрамы тәжірибелі мамандардан, республикамызға танымал ғалымдардан тұрады. Олар - жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқулық, оқу құралдарының; Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған әліппедәптерлерімен тәрбиешілерге арналған оқу-әдістемелік кешендерінің авторлары.

 

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері сабақ үдерісінде, дәрістік және лабораториялық-практикалық сабақтар мазмұнында қолданылады.

 

Халықаралық байланысты ұлғайтуға бағытталған тұрақты жұмыстар білім беру саласындағы жаңа оқыту жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі әлеуметтік тәрбиелік іс-шаралар жүргізіледі. Білімалушылар жыл сайынғы студенттік конференциялар мен университеттік және республикалық конкурстарға және республикалық пәндік олимпиадада  белсене қатысып, жүлделі орын иеленеді.

 

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің аудиториялары мен кабинеттері білім беруді ұйымдастырудың біліктілікке қойылатын талаптарына және мемлекеттік жалпы білім беру стандарты талаптарына сай жаңа ақпараттық құралдармен, компьютерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыздандырылған.

 

Педагогикалық іс-әрекеттің пәні: Педагогикалық қызметтің негізгі түрлері дәстүрлі түрде тәрбиелеу және оқыту болып табылады.

 

Іс-тәжірибе базалары№19, №109, №63, №163 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары.

 

Жыл сайын іс тәжірибеден өткізіліп отыратын базаларда Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жас мамандарды жұмыспен қамыту көзделген. Соынмен қатар жас мамандар осы жоғарыда аталған мектепке дейінгі ұйымдарда өздерінің еңбек өтілімін жұмыс атақарып отыр. 

 

Модульдік білім беру бағдарламасы https://docs.google.com/document/d/16ijM9gQ92TF7QIm1gW-kMgoTn4pWTqye/edit?usp=sharing&ouid=110343755673359845240&rtpof=true&sd=true

 

Мектепке дейінгі, әлеуеметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламалары бойынша 2021- 2022 оқу жылдарындағы түлектердің жұмыспен қамтылуы


Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша 2021-2022 оқу жылдарындағы түлектердің жұмыспен қамтылуы