қазақша · русский · english
 
 
 


«Оқу-танымдық CLIL» клубы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көптілді бастауыш білім беру студенттері үшін ашық. Клуб кездесулері ай сайын ZOOM және MSTEAMS платформаларында және офлайн форматта өткізіледі. Клуб мүшелерінің іс-шараларын өткізу туралы есептерді бастауыш білім беру бағдарламасының сайтынан табуға болады.

 

Клубының мақсаты - CLIL технологиясын пайдалана отырып, нақты ғылыми пәндерді ағылшын тілінде оқытуды интеграциялау, студенттердің білімін ынталандыру және кеңейту, оларға күн сайын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеуге мүмкіндік беру арқылы студенттер үшін көптілді орта құру.

 

«Оқу-танымдық CLIL» әр түрлі ғылыми пәндердің тақырыптарына назар аударады, студенттерге сөздік қорын кеңейтуге және сөйлеу дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Сонымен қатар біздің ютуб каналымызға да қосыла аласыздар:

https://www.youtube.com/channel/UCCzCyjzxtsKdU8v5Re1D7TA

 

Клуб жетекшісі - докторант Қыдырбаева Г.Б, тел.: 87015953098

 

«Оқу-танымдық CLIL» клубының 2021-2022 оқу жылына арналған бағдарламасы