қазақша · русский · english
 
 
 
26.04.2018

«Көптілділік - әлем кеңістігін апарар жол» полиглот конкурсы

 

2018 жылдың 24 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы мен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына 35 жыл толуына орай онкүндіктің аясында «Көптілділік - әлем кеңістігіне апарар жол» студенттер, магистрант мен докторанттардың арасында полиглот конкурсы өтті.

 

Аталмыш конкурс студенттер, магистрант мен докторанттардан құрылған топтардың таныстыру сайысымен басталды. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің шығармашылықтары мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.

 

Сайыстың әр туры қазақ, орыс және ағылшын тілінде өтті. Университетіміздің 90 жылдығы мен аталмыш кафедраның 35 жылдығын, Абай шығармаларын, жаңартылған бағдарламаны қамти отыра викториналық сұрақтар қойылды. Бұл сайыстан да сүрінбей өткен қатысушылар бәсекеге қабілеттіліктерін байқатты.

 

Сайыстың «Көптілділік - білім кеңістігін апарар жол» және «Жаңартылған бағдарлама - болашаққа бастар жол» кезеңдеріне де қатысушылар белсене қатысты.

 

Конкурсқа институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова, профессор Гүлнар Уайсова, аға оқытушы Сәжиля Нұржанова, аға оқытушы Бауыржан Жанкушков қатысып, сайысқа төрелік етті.

 

Конкурс нәтижесі бойынша І-орынды «Rays» тобы, ІІ-орынды «Достық» тобы, ІІІ- орынды «Эрудит» тобы еншіледі. Сонымен қатар, қатысушылар «Жас ғалым», «Үздік таныстыру», «Ең шығармашыл топ» номинациялармен марапатталды. Конкурс студенттер, магистранттар мен докторанттардың аталмыш мерекеге арналып жазылған үш тілдегі хормен аяқталды.

 

       

 

       

 

       

 

       




Кері оралу