қазақша · русский · english
 
 
 
12.01.2016

Білім үшін шекара болмайды. Білімді жердің басқа бұрышында болса да іздеп барыңдар деп өсиет еткен аталарымыз. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін, білім беру жүйесін дамытуға үлкен мән беріле бастады. Еліміз дамыған елдердің қатарына кіру үшін білім алу мақсатымен көптеген бағдарламалар жүргізілуде.
Оның мысалы ретінде, Англиялық Нортхэмптон университетінің құрметті профессоры Дениз Луиз Хэвей және аға лекторы Элеонора Тесзени Абай атындағы Қазақ Ұлттық пеагогикалық университетінде 72 сағаттық «Білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттар» атты семинар өткізілді. Құрметті қонақтарымыз жүргізген семинарларының мақсаты - белгілі бір білім беру жүйесін дәріптеу емес, білім-білік алмасу және Қазақстандық педагог мамандардың көзқарасын, тәжірибе негізінде қалыптасқан ойларын білу және үйрену. Басқаша айтқанда, өздерінің білімін бізге көрсетіп, жаңа идея ұсыну болып табылады.
Сол себепті, семинарға қатысушы БОПӘ мамандығының бакалавр студенттері, магистранттары, PhD докторлары, сонымен қатар оқытушылары белсенді түрде қатысып, әр семинардың қорытындысы сұрақ-жауап, пікір алмасу түрінде жалғасын тапты.
Семинар үш негізгі бағытта жүрді: әлемдегі мектепке дейінге және бастауышта білім беру жүйелері, ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі және Англиядағы жоғарғы білім беру жүйесі.
Англиядағы мектепке дейінге білім беру жүйесін сипаттай келе, басқа мемлекеттердің мектепке дейінгі білім беру жүйелері туралы айтып өтті. Олардың мемлекеттің құрылымы және мемлекеттің мақсатымен етене жақындығына назар аударды. Басқа мемлекеттердегі бастауыш білім берудегі инновациялық жүйелері ақпарат бере отырып, оның жақсы және жаман жақтарын сұрақ-жауап негізінде құрастарылды.
Ғылыми жұмыс әдістемесінің құрылымы, ерекшеліктері ұсынылды және кейбір әдістерге таалдау жүргізілді. Ғылыми жұмыс жүргізуің негізгі идеясы және мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, семинар барысында қазіргі заманда өзекті мәселенің бірі - критикалық ойлауды дамыту және балаларда шығармашылық ойлау қабілетін көтеуге арналған әдістер ұсынылды. Критикалық ойлау - дамудың негізі ретінде қарастырылды және де критикалық ойлау қабілетін дамыту барысында қоғамның мүдделерін ұмытпау маңыздылығы айтылды.
Жоғары деңгейде өткен, тыңдаушылардың белсенділігімен ерекшеленген семинар соңында БОПӘ кафедрасының ұйымдастыруымен «Ғылымдағы әлемдік сұрақтар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары, профессорлар, бакалавр студенттері, магистранттар бір топта жұмыс істеді. Өткізілген семинарлар негізінде әр қатысушыны қызықтыратын мәселе қарастырылды. Дөңгелек үстелдің соңында белсенді қатысушыларды құрметті профессор Дениз Луиз Хэвей және аға лекторы Элеонора Тесзени сертификаттармен марапаттады.




Кері оралу