қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2019

«Дидасконың педагогикалық инсайты» театр қойылымы


2019 жылдың 9 желтоқсаны күні Педагогика және психология институтында профессор Наталья Ханның ұйымдастыруымен дәстүрлі қойылым - «Дидасконың педагогикалық инсайты» тақырыбында іс-шара өткізілді. Қызықты мюзиклға 102 магистрант (орыс топтары) қатысты.

 

Қойылымда басты кейіпкердің өзінің болашақ мамандығына сенімсіздігі, оны теңіз саяхатына итермелейді. Тағдыр басты кейіпкерді және оның «Витамия» кемесін білім аралдарына (Кавита, Люман, Concordia, Испиратио, Пайдэйя) жүргізеді .


Ұлттық әндер мен билер, психалогия элементтері, мәдениетаралық қатынас, оған қоса йога (релаксация аралы) көріністі тамашалаған көрермендердің көңілінен шықты. Қойылымның басты ұраны: «Ұлы мемлекеттерді халық жасайды, ал ол ұлы адамдарды өсіріп тәрбиелейді!». Басты кейіпкер барлық күмәнді жеңіп - педагогика жолын таңдайды!

 

Көрініс соңында Педагогика және психология институты директоры Берікжан Әлмұхамбетов магистранттаға шығармашылық табыс пен әрі қарай кәсіби жетістіктерге қол жеткізуін тілеп, алғысын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу