қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2021

Педагогика және психология институтының 1-4 курс старосталарымен онлайн-кездесу


2021 жылғы 12 қарашада Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты «Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу» бөлімінің ұйымдастыруымен 1-4 курс старосталарымен онлайн-кездесу өткізілді. Білім алушылардың оқу үлгерімдері, келісім шарт негізінде оқитын топтар үшін оқу төлемақысы, бірінші аралық бақылаудың нәтижелері талқыланды. Іс-шара ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Старосталар көкейлеріндегі толғандырған сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптар берілді. Старосталарға кез-келген мәселерді талқылау, шешу барысында «Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу» бөлімімен тығыз байланыста болып, үнемі ұсыныстарын білдіріп отырулары айтылды. Кездесуде бөлім мамандары И.М. Чажабаева мен Ж.Д.Төлемуратова оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша толыққанды ақпараттар беріп, кездесуді оқу ісін басқару және сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі А.Т Ақжолова қорытындылады.

 

   

 




Кері оралу