қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2022

«Талапкер 2022» ашық есік күні

 

2022 жылдың 17 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қостанай қаласының мектеп бітіруші түлектеріне Ашық есік күні өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қабылдау кенсесінің қызметкелері мен Педагогика және психология институтының Маркетинг бөлімінің жетекшісі Бауыржан Жанкушков.

 

Мектеп оқушылары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың корпустарының материалдық-техникалық жағдайымен танысып, мамандандырылған дәрісханалар мен зертханаларға экскурсия жасады. Кездесу барысында оқушыларға университете оқытылатын білім беру бағдарламалары туралы және келешекте жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттар берілді.

 

Кездесу соңында оқушылар болашақ мамандық таңдауда көкейлерінде жүрген көп сауалдарына жауап алып, ризашылықтарын білдірді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу