қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2020

Білім шыңына бастау алған студенттердің жетістіктері

 

Әлемдік пандемияға байланысты елімізде қалыптасқан жағдайға қарамастан Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс білім алушылары қашықтықтан сапалы білім алып қана қоймай, түрлі республикалық онлайн турнирлер мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында өткізілген ХII Республикалық пәндік олимпиадада I дәрежелі дипломмен және алғыс хатпен - «Қайнар» тобы, Ustaz tilegi ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Қараша-желтоқсан олимпиадалары» бойынша I дәрежелі дипломмен Аяулым Манақбай, Иса Үкілім, Беске Гүлнұр, Қойшыбай Нұрай III дәрежелі дипломмен Есенқабылова Салтанат, Ustaz tilegi Халықаралық Бастауыш сынып мамандығы студенттері арасында өткізілген олимпиада бойынша I дәрежелі дипломмен Сәрсенбек Ақерке, Қожахмет Арайлым, Қасқабай Жансая, Алдаберген Айжан, II дәрежелі дипломмен Есенқабылова Салтанат, Иса Үкілім, Кәрім Алина, Мәдени Аружан марапатталды. Ал университет бойынша өткізілген Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлттық жады және болашақ тағылымы» эссе байқауында Жетібаева Гүлбаршын III орынды иеленді.

 

Сонымен қатар Ziatker.kz Республикалық Білім және ғылым порталында авторлық материал жариялап 3 курс студенті Алдаберген Айжан сертификат иеленді. Осыған қоса, «Бөбек» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жас қыран - 2020» Республикалық IV үздік студенттер кітап жинағында Қойшыбай Нұрай, Советхалық Еркежан, Қалдыбек Аружанның өмірбаяндары жарияланатын болады. Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

 

   




Кері оралу