қазақша · русский · english
 
 
 
01.10.2018

Бірінші курс студенттері футбол жарысына барып қайтты

 

2018 жылдың 30 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 - жылдығына орай өткізілген футбол жарысына бірінші курс студенттері эдвайзер п.ғ.к. Айгүл Сафарғалиевамен барды.


Оған Қазақ спорт және туризм академиясының, Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің командалары және ҚазҰПУ-дың командасы қатысты. Командалардың әуесқой деңгейіне қарамастан, матч ойын құмарлығына толы болды. Командалар бір-біріне дес бермей, лайықты күрес көрсетті. Қазақ спорт және туризм академиясының командасы жеңімпаз атанды. Спорттық іс-шара соңында жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, естелік суретке түсті.

 

   

 

   

 




Кері оралу