қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2020

«Магистратураға және докторантураға түсу» вебинары

 

2020 жылдың 3 мамырында Педагогика және психология институтының маркетинг бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың бакалавр және магистратура түлектеріне арналған «Магистратураға және докторантураға түсу» тақырыбында ZOOM конференциясы арқылы вебинар өткізілді. Вебинарға 4 курс студенттері, 2 курс магистранттары, Алматы қаласы колледждерінің педагогтары (№1 Алматы гуманитарлық педагогикалық колледжі, ҚазБСҚА колледжі), институт оқытушылары, институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова, Кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмұхан Әуесбекұлы.

 

Вебинар барысында аға оқытушы және маркетинг бөлімінің жетекші маманы Бауыржан Жанкушков түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құжаттарды қабылдау және магистратура мен докторантураға түсу туралы слайдтар көрсетті. Конференция барысында қатысушылар келесі сұрақтар қойды:

1. Құжаттарды тапсыру жолдары, магистратура мен докторантураға түсудің типтік ережелерінің өзгерістері туралы;
2. Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларындағы өзгерістер туралы;
3. Халықаралық тілдік сертификаттардың қажетті деңгейі туралы;
4. Магистратураға түсудің кешенді тестілеу құрылымы туралы;
5. Ақылы бөлімнің құны мен жеңілдіктері туралы.


Талапкерлердің сұрақтарына Нұрмұхан Әуесбекұлы, Ақтоты Ақжолова, Бауыржан Жанкушков жауап берді.

 

Қортындылай келе талапкерлерге қатысқандары үшін алғыс айтылып, университетімізге оқуға түсуге қажетті және қосымша ақпараттарды алу көздері мен байланыс телефондары берілді. Қатысушылар конференция ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу