қазақша · русский · english
 
 
 
11.02.2019

«Өмірімнің бәрі өлең...»

 

2019 жылдың 8 ақпанында Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика» кафедрасының оқытушылары: аға оқытушы, PhD доктор Мейрамкүл Сұраншиева мен аға оқытушы, PhD доктор Әсем Бүлшекбаевалар «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану » мамандығының 1-2 курс (қазақ бөлімі) эдвайзерлік топтарымен Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Өмірімнің бәрі өлең...» тақырыбында мюзикл өткізді.

 

Өтілген мюзиклдың мақсаты: студенттердің әдеби-танымдық қызығушылықтарын көтеру, болашақ педагогтардың бойында артистизм қасиетін дамыту.

 

Мюзиклге студенттер белсенді араласып, өнерлерін ортаға салды. Ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалып, поэмаларынан сахналық көрініс те көрсетілді.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу