қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2019

«Табысқа жол» педагогикалық идеялар фестивалі

 

2019 жылдың 5 желтоқсанында «Жоғары мектеп педагогикасы» курсын қорытындылау мақсатында профессор Марфуға Абсатова және Математика, физика және информатика, Тарих және құқық, Жаратылыстану және география, Сорбонна-Қазақстан институттарының 1-ші курс магистранттарының ұйымдастыруымен 5-ші рет «Табысқа жол» педагогикалық идеялар фестивалі өтті.

 

Фестивальге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Бағдат Мажинов, Тарих және құқық институтының қауымдастырылған профессоры Несібелі Қалкаева, Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Тұрархан Жүндібаева, аға оқытушылары Ляйля Сахиева, Жақсыгүл Исаева, Лаура Орынбаева, 2-ші курс докторанттары Азиза Айтуарова, Алия Қосшыгулова, магистранттар және «Педагогика және психология» мамандығының 3-ші курс студенттері қатысты.

 

Фестивальдің негізгі кезеңі «Оқытудағы интербелсенді әдістер мен формалардың жүзеге асуы» нәтижесінде жоғары шеберлік пен кәсіби деңгейде оқытуды семинар-сайыс,семинар-пікірталас,семинар- саяхат, семинар-интеллектуалдық сайыс түрінде ұйымдастыра білгені үшін магистранттар 1 дәрежелі дипломмен Ақмарал Бекмолданова («7М031010 -Халықаралық қатынастар»), 2 дәрежелі дипломмен Нұржанар Ғалымова, Жібек Дәулетбай («7М01510-Химия»), Жансая Ражаб, Гүлжамал Жанайдар («7М01513-Биология»), 3 дәрежелі дипломмен Ғазиза Әбікен, Айжан Құдайберген («7М01507-Информатика») марапатталды.

 

   

 

   




Кері оралу