қазақша · русский · english
 
 
 
16.11.2021

Педагогика және психология институтының эдвайзерлемімен онлайн кездесу өтті

 

2021 жылғы 16 қарашада «Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу» бөлімінің ұйымдастыруымен Педагогика және психология институтының эдвайзерлерімен онлайн-кездесу өткізілді. Іс-шара ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды. Институт директоры Г.Абаева кіріспе сөзінде бітіруші курстардың ұлттық біліктілік тестіне дайындығы және Академиялық адалдық ережелерін сақтау туралы айтты. Күн тәртібі бойынша білімалушылардың төлемақысы туралы ақпаратты И. Чажабаева берді. Бітіруші түлектердің педагогикалық практикасы, ұлттық біліктілік тесті, түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша Г. Дербисалова мәлімет берді. Қысқы емтихан сессиясына дайындық барысы туралы Ш.Баймолдаева толыққанды айтып өтті.

 

Бірінші аралық бақылаудың қорытындысы мен білімгерлердің сабаққа қатысымы туралы келесі эдвайзерлер есептерін берді:

1. Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасынан - Ж.Асанханова;

2. Педагогика және психология білім беру бағдарламасынан - К.Утеева;

3. Бастауыш білім беру бағдарламасынан - Г.Хамза;

4. Арнайы педагогика бойынша кәсібі даярлау бөлімінен - Г.Ибатова;

5. Әлеуметтік ғылымдар (Психология) білім беру бағдарламасынан - А.Садреймова.

 

Эдвайзерлер көкейлеріндегі толғандырған сұрақтарын қойып, Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі А.Т Ақжолова тиісті жауаптарды беріп, кездесуді қорытындылады.

 

   

 

   




Кері оралу