қазақша · русский · english
 
 
 
01.02.2022

Педагогика және психология Институты профессорының «Болашақ» бағдарламасы бойынша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде тағлымдамасы


2021 жылдың нәтижесі бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, Педагогика және психология институтының профессоры Марфуга Абсатова М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей) педагогикалық білім беру факультетінде ғылыми-зерттеушілік тағылымдамадан өтуде.

 

М.А.Абсатованың 370 аса ғылыми еңбектері ашық баспада жарияланған, оның ішінде 13 монография, 25 оқу-әдістемелік құралдар, 14 халықаралық ғылыми журналдар базасында нөлдік емес импакт факторы бар журналдарда (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters, Scopus). Оның 8 авторлық құқықты растайтын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктері бар. Индекс Хиршасы h=2 (Scopus). h= 1 (Web of Science).

 

М.А. Абсатованың белсенді ғылыми іс-әрекеті оның ғылыми жетекшілігі және үздік қорғаумен негізделеді: педагогика саласы бойынша 5 (бес) докторлық диссертация (PhD философиия докторы), 46 (қырық алты) магистерлік диссертация (педагогика ғылымдарының магистрі) қорғатқан.

 

   




Кері оралу