қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2022

«Кәсіби бағдар - болашақтың кепілі» тренинг

 

2022 жылдың 30 ​​сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының маркетинг бөлім жетекшісі Бауыржан Жанкушков Алматы қаласындағы №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлы-педагогикалық колледжінде «Кәсіби бағдар - болашақ кепілі» тренингін өткізді. Тренинге колледждің бітіруші курс студенттері қатысты.

 

Шара барысында университетіміз туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқу орнының білім және ғылым саласындағы жетістіктері туралы айтылды, студенттерге әлеуметтік көмек, әскери кафедра, студенттік өмір туралы ақпараттар беріліп, сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтер түсіндірілді. Сонымен қатар, ҰБТ-2022 оқуға түсу ережелерінің өзгерістері туралы студенттерге ақпарат берілді.

 

  alt=  




Кері оралу