қазақша · русский · english
 
 
 
25.04.2017


№2 Педагогикалық колледжіндегі
«Педагог- психолог 21 ғасыр мамандықтары» атты кәсіби бағдар жұмыстары

 

       Педагогика мен психология мамандығының 2 курс магистранттары мен 4 курс бакалавриаттарына практикалық тәрбие жұмыстары аясында 2017 жылдың 10 наурызында педагогикалық колледжде тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.
Шараның мақсаты колледж студенттеріне педагог-психолог мамандығы туралы ақпарат беру.
Біздің студенттер Абай атындағы ҚазҰПУ туралы, педагогика және психология кафедрасы және профессор оқытушылар құрамы туралы презентация ұсынды. Сондай-ақ психологтардың жұмысын көрсететін «Психологтың қабылдауында» атты кішігірім көрініс қойып, дарынды студенттеріміз музыкалық нөмір көрсетті. «Қазақ вальсі» гитарамен шырқалып, ұйғыр биі биленді. Білім беретін және білімді бақылауға арналған заманауи интербелсенді әдіс «Kahoot» қолдану сол жерде жиналған студенттер мен оқытушылар назарына ұсынылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды. Студенттер белсене қатысқан «гендерлік стереотиптер» атты интерактив өткізілді. Кездесу соңында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері гитараның сүйемелдеуінде бірлесе ән шырқады. Шара өткен зал тақырыптық плакаттар мен шарлармен безендірілді. Қорытынды сөзінде п.ғ.к., доцент Абдрахманова Роза Бисенқызы педагог-психолог мамандығының болашағы туралы және Абай атындағы ҚазҰПУ білім алудағы кәсіби және жеке өсу жайлы ақпарат айтты.

 

 

 

 




Кері оралу