қазақша · русский · english
 
 
 
05.11.2021

Абай университетінің студенті Президенттік стипендия иегері атанды


Педагогика және психология институтының Бастауыш білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби даярлау бөлімінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенті Жарылқасынова Толқынға Президенттік стипендия тағайындалды.


Толқын 1 курс студенті кезінен-ақ, оқуда озат болып, университеттің барлық іс-шарасында жоғары белсенділік танытып келеді. Ол «Педагогика» пәні бойынша қашықтан ұйымдастырылған халықаралық олимпиаданың 1-ші дәрежелі мадақтама иегері (2018 жыл); «Оқу үлгерімі және ғылыми - ізденушілік бағыттары» бойынша ең жоғары ұпай жинағаны үшін арнайы алғыс хат иегері (2018 жыл); «Досқа хат» республикалық конкурстан 1 орын иегері (2018 жыл); Республикалық «Қазақстан ұстаздары» сайтында Педагогика пәнінен жоғарғы ұпай көрсеткені үшін 1 орын иегері (2019 жыл); Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы 74-ші ғылыми конференциясында 1-ші орын иегері (2019 жыл) және т.б. көптеген халықаралық, республикалық жүлделі орындардың иегері атанып келеді.

Университет студентіміздің бұл жетістігін мақтан тұтады. Жарылқасынова Толқынды құттықтап, жаңа табыстар тілейміз. Осындай дарынды шәкірттер көбейе берсін!

 

   




Кері оралу