қазақша · русский · english
 
 
 
25.03.2022

«Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру тұжырымдамасы» педагогикалық кеңес отырысы

 

2022 жылдың 25 наурызында №173 мектеп- лицейінің педагогикалық кеңес отырысында «Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру тұжырымдамасы» талдау жасалды.

 

Мектеп-лицей директоры Ляйла Байымбетова ұрпақ тәрбиесі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігін айта келіп, соның ішінде ұлттық тәрбие құндылықтарын жүзеге асыру тәрбиедегі басты бағытымыз болу керектігіне тоқталды. Әрі қарай тұжырымдаманың бағыттарына Алматы қаласы Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетті мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану білім беру бағдарламалар бөлімінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагог-психолог Төлешова Ұлмекен талдау жасады. Педагогикалық кеңеске аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Разия Каримова қатынасып, өз ой- пікірін ұсынды. Талдау соңында оқушылардың бос уақытын, жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мәселелері мен қатар сынып сағаты мен ата - аналар жиналыстарын да заманауи өткізу формаларын ұсынды.

 

   




Кері оралу