қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2017

      Педагогика және психология институтында 28 сәуір күні «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында «Сиқырлы жеті нота» тақырыбында керемет кеш болып өтті. Аталған кешті 1 курс студенттері мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті Маханова Аскен Кабдрахманқызы ұйымдастырды.

      Маханова Аскен Кабдрахманқызы - «Хормен ән айту тәрбиесі», «Аспаптық дайындық» пәндерінің оқытушысы, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында 30 жылдан астам уақыттан бері қызмет атқарып келеді. Бұл ұйымдастырылған кештің басқа кештерден ерекшелігі - есеп сабақ түрінде өтуінде. Сонымен қатар, мамандыққа сәйкес бүлдіршіндер мен бастауыш сынып оқушыларына арналған үш тілдегі әндер орындалды. Олар:
• «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»;
• «Happy birthday to you»;
• «Тум Хи Хо»;
• «До Ре Ми»;
• «Бабье Лето»;
• «Мен дәрігер боламын»;
• «Семь веселых нот»;
• «Бала уату».

 

 

 

 


 




Кері оралу