қазақша · русский · english
 
 
 
29.01.2021

Абай қара сөздеріндегі жаңаша ойлар

 

2021 жылы 28 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының «Арнайы педагогика» бойынша кәсіби даярлау бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай қара сөздеріндегі жаңаша ойлар» халықаралық онлайн-дөңгелек үстел өтті.

 

Ісшараға Моғолияның, Ресейдің, Өзбекстанның, Қазақстанның профессорлары, докторанттары мен студенттері қатысты. Ұлы ақынның қара сөздеріндегі мән мағынаны ашып, қазіргі заманға сай талдау жүргізіп, жастарға қандай пайдасы тиетіндігі жөнінде мәселелер талқыланды. Қара сөздердің жаңаша талдауды жастар буынының талқылауы аға буынға ұнап, сырттан қосылған мемлекеттерден қосылған дөңгелек үстел қонақтары «өзіміз үшін жаңа дүниелер аштық» деген сөздерімен бөлісіп, «Абайды басқада қырынан таныдық» деп ризашылықтарын білдірді. Ісшара барысында орыс, қазақ тілдерінде Абай Құнанбаевтың өлеңдері оқылып, керемет рухани кеш өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу