қазақша · русский · english
 
 
 
12.11.2019

«Үздік жас маман -2019» 


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының педагогикалық өлшемдер білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Бегимбетова Гулдана 2019 жылы қараша айында өткен Республикалық «Үздік жас маман -2019» байқауына қатысып, жүлделі бірінші орын алып «жас маман» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар Бегимбетова Гулдана қаламыздағы Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназияда ағылшын тілінен сабақ береді. Оның еңбек жолында жеткен жетістіктері баршылық.


Ол «Өз мамандығының үздігі-2017» Қалалық байқаудың II орын иегері, «Үздік сынып жетекші-2018» Республикалық байқаудың II орын жеңімпазы. «Менің сүйікті кітабым Excel-5 for Kazakhstan оқулығы бойынша-2018» Республикалық байқаудың III орын жеңімпазы.

 




Кері оралу