қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2019

Бастауыш сынып оқушыларына арналған STEM-фестиваль


2019 жылдың 11 желтоқсаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтында бастауыш сынып оқушыларына арналған STEM фестиваль өтті. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы аталған STEM фестивальге Алматы қаласындағы №28 техникалық лицейдің 4 сынып оқушыларын шақырды, сынып жетекшісі - Ирина Краузе.


Осы жылы фестиваль профессор Р.М. Қоянбаевтың 80 жылдығына арналған «Рухани жаңғыртудағы Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы: теория және тәжірибе» халықаралық ғылыми фестиваль аясында өткізілді. Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар кафедра оқытушылары (доценттер: Акпаева А.Б., Лебедева Л.А, аға оқытушылар: Абдықадыров А.О., Рябова Е.В., Бекбаева М.Т., Сартаева Н.Т.), ал модераторлар - БОПӘ мамандығының 2 - 4 курс студенттері.


Іс-шараның мақсаты - оқушылар мен студенттердің STEM білім алуға қызығушылығын арттыру, балалардың қызығушылығын қолдау және дамыту, ғылым, технология, инженерия, математика және күнделікті өмір арасындағы байланыстарды көрсету. STEM-фестивальдің бағдарламасы студенттердің жетекшілігімен STEM (science, technology, engineering, mathematics) станциялары бойынша балалардың қызықты саяхатына жалғасты. Оқушылар студенттермен бірге логикалық міндеттерді шешті, ғылыми тәжірибелер жүргізді.


STEM-фестивальдің қорытындысы бойынша әрбір оқушы - қатысушыға диплом, студенттерге - модератор дипломын, мұғалім мен ата-аналарға - ұйымға көмек көрсеткені үшін алғыс хат тапсырды. Фестиваль кішкентай оқушылар үшін қызықты және жарқын оқиға болды.


Кафедраның оқытушылары ғана емес, сонымен бірге қонақтар да фестиваль қатысушылары болды. Олар: Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің профессоры Марина Романова, Р.М. Қоянбаевтың жары, көп жылдар бойы мектепте жұмыс жасаған педагог, қазіргі кезде зейнеткер К.Сакова. Олар балаларға дипломдар ұсынып, өнегелі сөздерін жеткізді.

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы фестивальді дайындау мен өткізуге қатысқан лицей директоры Айсұлу Медетбековаға, сынып жетекшісі Ирина Краузеге, оқытушылар мен студенттерге алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу