қазақша · русский · english
 
 
 
30.03.2022

«Plant fest» өсімдіктер фестивалі


2022 жылдың 28 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының «8D01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс докторанты Г. Б. Қыдырбаева «Көптілділікпен бастауышта білім беру» бағдарламаларының студенттері мен магистранттары арасында «Plant fest» тақырыбында өсімдіктер фестивалін ұйымдастырды.

 

Аталған іс-шараның мақсаты бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан айқындауға қабілетті мәдени тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады. Іс-шара еркін және қолжетімді түрде ұйымдастырылды. Фестиваль барысында өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы туралы дәріс оқылды, дәрілік өсімдіктер туралы презентация мен бейне сабақ көрсетілді. Студенттер өсімдіктердің түрлері мен пайдалы қасиеттерін белсенді талқылап, олардың ерекшеліктері мен артықшылықтарын үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) сипаттады. Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер дәрілік өсімдіктер туралы энциклопедияға арналған материалдарды үш тілде жинақтап дайындады.

 

   

 

   




Кері оралу