қазақша · русский · english
 
 
 
30.03.2017

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ  ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР  ОЛИМПИАДАСЫ

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты,  «Педагогика және психология» кафедрасының 3 курс студенттері  Республикалық пән олимпиадасында жүлделі 3-орынды иеленіп, түрлі сыйлықтармен марапатталды. Олимпиада

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  Философия және саясаттану факультетінде 2017 жылдың 29 наурызында  өтті. Еліміздің 11 ЖОО ішінен топ жарып шыққан Олимпиада жеңімпаздары Айтуған Ақерке, Абдолдаева Мәншүк, Себеш Айбек және Ахмет Меруерт.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Булатбаева Айгүл Әбдімажитқызы жүлдегерлерді марапаттау рәсімінен

Педагогика және психология институтының директоры Әлмұхамбетов Б.А және Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Әбдіғапбарова Ұ.М жүлдегерлерді құттықтау сәтінен




Кері оралу