қазақша · русский · english
 
 
 
15.03.2022

Ынтымақтастық меморандумы

 

2022 жылдың 15 наурызында Абай ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру бағдарламалары» кәсіби даярлау бөлімі мен Алматы қаласы №185 жалпы білім беретін мектеп арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Меморандумға қол қоюға «Бастауыш білім беру бағдарламалары» кәсіби даярлау бөлім жетекшісі Ә.Е. Жумабаева, №185 Жалпы білім беретін мектеп директоры Д.Р. Кержикеева және Педагогика және психология институтының Маркетинг бөлімінің жетекшісі Б.О. Жанкушков қатысты.

 

Меморандумның мақсаты - әріптестік пен өзара түсіністікті дамыту, білім беру ынтымақтастығы аясындағы тараптардың өзара байланысын жақсарту. Кездесу барысында тараптар бірлескен қызметтің келесі бағыттарын анықтады:

- Мектеп базасында БББ филиалын ашу;
- Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің профессор-оқытушылар құрамы семинарлар, мастер-класстар өткізу;
- Студенттер мен магистранттарға мектеп базасында өндірістік, ғылыми-зерттеу іс-тәжірибелері мен тағылымдамаларынан өту мүмкіндігін ұсыну;
- Ақпарат қорларын ұсыну;
- Бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу және қатысу.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу