қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2022

«Жаңа ғасыр - жаңа тұлғалар» республикалық байқауы

 

ЖОО студенттерінің - болашақ дефектологтардың кәсіби қызметіне дайындық мәселелері ерекше өзекті. Сондықтан, Ғылым - 2022 онкүндігі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты, «8D01901-Арнайы педагогика» мамандығының 2 курс докторанттары 2022 жылдың 8 сәуірінде аралас форматта «Жаңа ғасыр жаңа тұлғалар» Республикалық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің қалыптасу және даму тарихын көрсету, студенттердің ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін ынталандыру, зияткерлік бағыттылығын, арнайы және инклюзивті білім беруге қызығушылығын, білім беруге шығармашылық көзқарасын танытатын дарынды жастарды қолдау. және ғылыми-зерттеу қызметі болды.

 

Байқауға қатысу үшін - арнайы және инклюзивті білім беру саласында «Менің болашақ мамандығым» атты тақырыпта жұмыстар қабылданды. Байқауға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университеті студенттері қатысты.

 

Жеребе бойынша алты топ өзара бөлініп, студенттер қатаң реттелген форматта өз мамандықтары мен университеттерін таныстырып, өз мамандығы бойынша блиц-сауалнама байқауының кезеңінен сәтті өтті. Сайыстың әділ қазылар алқасы үлкен қиындықпен баға берді. Себебі қатысушылардың жақсы дайындықпен келгендіктері, теориялық және практикалық құзыреттіліктерінің жоғары әлеуеті сезілді. Материалдар өте танымды және шығармашыл болды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар мен қатысушылар әртүрлі ақпараттық технология мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалана алды. «Жаңа ғасыр жаңа тұлғалар» байқауының қорытындысы бойынша 1-орын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Ұлағат» командасына лайық деп танылды. Байқауға қатысушылардан оң көзқарас пен болашақ мамандықтарына дайындығы байқалды. Студенттер бұл іс-шараның ұйымдастырылғанына өз ризашылықтарын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу