қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2015

5-6 желтоқсан 2015 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ -нің превентивті суицидология және ЖОО инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталығының директоры, профессор З.А. Мовкебаева Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) болып өткен «Қоғамда мүмкіндігі шектеулі балалар интеграциясы және әлеуметтік қорғау» атты Халықаралық Форумға қатысып, «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында студент-инвалидтерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында баяндама жасады.
Халықаралық Форум Республикалық қоғамдық балалар қоры "Sen yolg`iz emassan" Республикалық балаларды бейімдеу орталығы, халыққа білім беру Министрлігі, жоғары және орта арнайы білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және тұрғылықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, және қаржы істері бойынша, Өзбекстанның кәсіби бірлестігінің Федерациялық Кеңесі, Өзбекстан Республикасындағы ООН- ЮНИСЕФ Балалар қорының өкілдері, «Камолот» қоғамдық жастар қозғалысы, Ташкент қаласының хокимияты және мемелекеттік емес, коммерциялық емес ұйымдардың Қоғамдық қорының қолдауы бойынша, Өзбекстан Республикасының Олий мәжілісінің азаматтық қоғамдық т.б. институттары ұйымдастырды. Форумға Өзбекстан Республикасының Олий мәжілісінің Заң палатасының депутаттары мен сенаторлары, әртүрлі министерліктер мен ведомств басшылары, халықаралық және қоғамдық ұйымдар, шетел мамандары, эксперттар мен ғалымдар, педагогтар және дәрігер-мамандар қатысты.
Қоғамда мүмкіндігі шектеулі балалар интеграциясы мен әлеуметітк қорғау аумағында озық инновациялық тәжірибелермен өзараалмасуға, форум іс-әрекеті қоғамдық, мемелекеттік ұйымдарды белсендендіруге және мүмкіндігі шектеулі балалардың әл-ауқаты мен құқығын, осы саладағы заңнамалық органдар мүдделерін қызығушылықтарын қамтамасыз ету үшін ең жақсы іс-шаралар кешенін дамытуға бағыттылған.

 




Кері оралу